Home » News & Politics » Елбасы қабылдаулары

Елбасы қабылдаулары

Written By Khabar NEWS on Saturday, Nov 25, 2017 | 11:37 AM

 
Алдағы бір сағатта осы тақылеттес өзекті мәселелердің өзегіне «тұз» себіледі. Алдымен айтарымыз Ақордадан жеткен ақпараттар. Қазақстан қайта түлеудің қамында. Үшінші мыңжылдықтың қатеріне жауап ретінде үшінші жаңғыруды қолға алды. Саяси аренаның да атмосферасы өзгеріс үстінде. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Екі процеске екпін беретін күш-қуат керек. Адамға да, қоғамға да керек. Ол үшін «сана істен ілгері болуы тиіс» деді Елбасы. Олай болмаған жағдайда, болашақ бұлыңғыр. Себебі жаһанданудың араны күшті. Жұтып қояды. Бұл ретте қоғамның жұлынға түскен жегі құрттан арылғаны абзал. «Тауық ұрлағанның да, түйені түгімен жұтқанның да» жазаға тартылуы сондықтан. Қазіргі қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы адамның шен-шекпеніне қарамайды. Ол үшін бәрі бірдей Қазақстан Республикасының азаматы. Апта ішінде Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Президент саладағы бірлескен жобалардың тиімділігіне тоқталып, Джон Уотсонға өз ризашылығын білдірді. Ал компания басшысы болса, Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендігін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.