Home » News & Politics » Жығылғанға жұдырық! Елдегі қуаңшылық, жұттың кесірінен еттің бағасы қымбаттауы мүмкін

Жығылғанға жұдырық! Елдегі қуаңшылық, жұттың кесірінен еттің бағасы қымбаттауы мүмкін

Written By Информбюро 31 on Friday, Jun 18, 2021 | 12:29 PM

 
Павлодарда фермерлер күз келісімен мал басын арзан бағамен жаппай сатып жібермек. Өйткені, жем-шөптің жоқтығынан оларды қыстан аман алып шығу қиын. Ал ірі қара саны азайса ет пен сүттің бағасы да қымбаттайтыны сөзсіз. Қазірдің өзінде дүкен сөрелерінде сиыр етінің 1 келісі 2,5 мың теңгеден саудалануда. Ет бағасы күн санап шарықтап барады. Бұған жем-шөп құнының өсуі себеп болып отыр. Өйткені, жайылымдық жерлер мен шабындық алқапта шауып алар шөп жоқ. Сондықтан павлодардың шаруалары қыстан аман шығу үшін «мал басын азайтуға тура келеді» дейді. Күзде түлік семірмесе, қаңтардың қытымыр аязынан аман алып қалу екіталай. ГҮЛЗИРА ҚАЗЫЛОВА, «Ақжар-өндіріс» ЖШС директоры: – Күзде бәрін соямыз деп. Ол, келешекте үлкен мәселе. Өйткені біз жаңағы ауылшаруашылықты дамытамыз дейміз, бірақ мына жағдаймен саны түсіп қалатын түрі бар. Даже падеж болатын түрі бар. Ал базар бағаналарындағы баға халықтың қалтасын қағатыны сөзсіз. Мәселен, сиыр етінің 1 келісі 2300-2500 теңгеден болса, жылқы еті 2800-3000 теңгенің аралығында саудаланады. Құс еті 1040-1090 теңге арасында. Ал, әлеуметтік дүкендердегі көрсеткіш сәл төмен. Сиыр еті 1800-1900 теңге, жылқы еті 2300-2500 теңге, ал, тауық еті 800-900 теңгеден. Базарда тұрған сатушылар етті алыпсатарлардан қымбатқа алатындықтарын айтады. Оның үстіне қосатынымыз 10 пайыз ғана дейді. КӨГЕРШІН АҚПАНОВА, Сатушы: – Перекупщиктар өте қымбат тапсырады. Сол себепті біз үстінен 10 пайыз ғана қосамыз. Сол себептен халық бізге ренжулі. Что бы біз специально как будто әдейі қосып жатқан сияқты бағаны. Ал, жергілікті атқамінерлер Павлодар облысы бойынша сиыр етінінің бағасы тұрақты дейді. Тіпті мониторингтік тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіліп тұрады екен. КӘРІМЖАН БАЙСАРИН, Павлодар облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бас маманы: – Сиыр еті бойынша облыста ешқандай қымбытшылық байқалмайды. Өңірдегі жағдай тұрақты. Ет бойынша проблема жоқ. Барлығын бақылауда ұстаймыз. Ал жайылым жер таппай жүрген шаруалар қорадағы мал басын азайтудың жалғыз жолы - жаппай сойып сату дейді. Өңірде төрт түліктің азаюы ет пен сүттің қымбаттауына тікелей себеп болмақ. Зұлқарнай Ермұратұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #мал_шаруашылығы #ет #өңірдегі_бағалар