Home » News & Politics » Ақтаулық жігіттер «жас қызды зорлады» деген күдіктіні өздері жазаламақ болған

Ақтаулық жігіттер «жас қызды зорлады» деген күдіктіні өздері жазаламақ болған

Written By Азаттық рухы / Azattyq ruhy tv on Wednesday, May 13, 2020 | 08:14 AM

 
Ұсталған жігіттер Ақтаудағы 5-ші шағын аудан №4 үй жанына «жас қызды зорлады» деген күдіктіні жазалау үшін жиналған. Қызуқанды топ 39 жастағы азаматтың пәтеріне келіп, есігін ашпақ болған сәтте оқиға орына полиция жетіп, оларды күштеп бөлімшеге апарған. Профилактикалық әңгімеден соң ұсталғандардың бәрі үйлеріне жіберілген. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып ол тергеу изоляторында отыр. Ал полиция әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандарға іздеу жариялады.