Home » People & Blogs » Шымкентте көне моншаны сүру жұмыстары басталды

Шымкентте көне моншаны сүру жұмыстары басталды

Written By TVK TV on Thursday, May 17, 2018 | 08:12 AM

 
Жергілікті биліктегілер бұл жұмысты Қонаев даңғылын кеңейту мақсатында 2014 жылы қолға аламыз деп жоспарлаған. Алайда жобаның іске асуына жүз жылдық тарихы бар монша мен ескі калашықтағы 73 жеке сектор бөгет жасапты. Жұмысшылар алдымен көне Түркістан моншасының шатырын бұзудан бастады. Ол үшін ешқандай техникада қолданылмаған. Ескі моншада жұмыс істеп жатқан азаматтардың қатары да көп емес. Мұндағы қайта жөндеу жұмысы қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Ал тұрғындардың пікірі болса екіге бөлінген. Бірі бастамаға қарсы екенін айтса, енді екінші бөлігі әкімдік жобасын қолдайтынын алға тартады.