Home » News & Politics » Ақтөбедегі мемлекеттік мекемелерден кемшіліктер табылды

Ақтөбедегі мемлекеттік мекемелерден кемшіліктер табылды

Written By РИКА ТВ on Thursday, May 03, 2018 | 09:26 AM

 
Кешелі бері қаламызда жүрген республикалық мониторингтік топ мүшелері бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында журналистермен кездесті. Брифингке топ жетекшісі Айгүл Соловьева, блогер Ғалым Байтөк, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Арман Бердалин қатысты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау және бағалауды жүзеге асыру жөніндегі республикалық мониторингтік топ кешеден бері Ақтөбедегі xалық көп шоғырланатын мемлекеттік мекемелерді аралап, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін бағалап жүр. Ал, кемшіліктер бар. Мысалы, Айгүл Соловьева қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма ғимаратының түрінен шошып отыр. Нысан өте ескі, төбесі төмен, қабырғалары, есіктері тозған. Басшылығына ескерттік. Жағдайды бақылауда ұстаймыз, деді ол. Сол сияқты, көші-қон полициясының ғимараты да сарапшылардың көңілінен шықпаған. Мұнда да нысанның іші-сырты лас. Шетел азаматтарының келіп-кетуіне лайық емес. Мониторингтік топ жетекшісі бұл жайды да кешегі активте облыс әкіміне айтқан. Көші-қон полициясы халықтық кеңсе ғимаратына көшірілетін болды. Мониторингтік топ бүгін түстен кейін Қобда, Ойыл аудандарына жол тартты. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv